Алматыда терапевтердің 6-сьезі өтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматы конференциясының 25 жылдығы тойланады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда терапевтердің 6-сьезі өтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматы конференциясының 25 жылдығы тойланады

Алматыда терапевтердің 6-сьезі өтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматы конференциясының 25 жылдығы тойланады

23-24-қазанда алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жөніндегі Алматы декларациясының 25-жылдығына арналған Қазақстан терапевтерінің 6-сьезі өтеді. Бұл туралы бүгін, 22-қазанда ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Арман Айдарханов журналистерге хабарлады.

  • 22 Қазан 2003
  • 1000
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, форумға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Йонг Вук Ли, ЮНИСЕФ атқарушы директорының орынбасары Кул Гаутам, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының директоры Марк Данзон, ЮСАИД ұйымының Орталық Азия жөніндегі директоры Д. Дейкан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының елдерді қолдау жөніндегі департаментінің директоры Ната Менабде қатарлы адамдар қатысады.

Сондай-ақ, бұл жиынға ТМД республикаларының денсаулық сақтау және қаржы министрлері, тазалық-індет қызметінің өкілдері, әлемнің 20-ға жуық елінің ғалымдары атсалысады. Дәрігерлер мен қоғамдық денсаулық сақтау саласының осынау алқалы жиынына 400-ден астам дәрігерлер мен медицина қызметкерлері шақырылған.
Ертең, 23-қазанда құрылтай жұмысын ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Йонг Вук Ли ашып, баяндама жасайды. Бұдан кейін бірнеше елдің ғалымдары мен сарапшыларының баяндамасын тыңдау межеленген. Түстен кейін сьезд жұмысы бірнеше секция бойынша жалғасады. Оған қатысушылар медицина ғылымының қазіргі ахуалы мен емдеу тәсілдерін жетілдіру жолдарын сарапқа салады.
Ал 23-қазанда түстен кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Йонг Вук Ли ТМД денсаулық сақтау министрлерімен кездеседі. 24-қазанда түстен кейін форумға қатысушылар қайтадан жалпы отырысқа жиналып, сьезд жұмысын қорыта отырып жаңа Алматы резолюциясын қабылдайды.
1978-жылдың қыркүйек айында Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жөніндегі конференциясы өткен болатын. Бас қосудың қорытындысы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жөніндегі Алматы декларациясы қабылданып, ол әлемнің көптеген елдерінде ұлттық денсаулық сақтау стратегиясының жобасын жасауға негіз етіп алынды. Конференцияда су қамтамасыздығы мен санитария деңгейіне, тағамға, білім деңгейі мен жалпы халықтың әл-ахуалына баса назар аудару, аталмыш тауқыметтерді шешуге жергілікті құрылымдарды жұмылдырып, оларға өкілеттілік пен жауапкершілік жүктеу жөнінде шешім қабылданған.
Алматы декларациясы қабылдануының ресми мерейтойы қараша-желтоқсан айларында Испания, Бразилия тәрізді бірқатар елде өтеді.

Соңғы жаңалықтар