Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты, бүгін 19 қаңтар күні келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады:
— Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта;
— Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта;
"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.
Айта кетейік, Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағат аяқталды. Алайда Алматы аумағында антитеррорлық шара режимі және терроризм қаупінің "қызыл" деңгейі сақталады.