Алматыда Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін футболдан жасөсіпірімдер турнирі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін футболдан жасөсіпірімдер турнирі өтіп жатыр

Алматыда Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін футболдан жасөсіпірімдер турнирі өтіп жатыр

Бүгін Алматыда футболдан 2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін өтіп жатқан турнирдің жартылай финалдық ойындары өтеді.

  • 14 Маусым 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

Онда «Қайрат-2» мен «Қайрат» МФК, «КДЮСШ-3» пен «Қайрат-1» ақтық финалға шығу үшін таласады. Бұл ойында жеңіске жеткендер ертең ақтық сында бірінші орынды, ал жеңілгендері үшінші орынды сарапқа салатын болады. Бүгін сондай-ақ, «ЦСКА» мен «ФШМ» 5-ші орынға, «Еңбек» пен «Жеңіс-Атлетик» 7-ші орын үшін өзара күш сынасады.

Он бірінші маусымда басталған бұл байрақты бәсекеде «Қайрат-1» «Қайрат» МФК-ні 2:0, ал «Енбекті» 9:0 етіп ұтқан болатын. «Қайрат-2» «КДЮСШ-3» командасына 0:2 боп ұтылғанымен, «ФШМ» командасынан 3:0, «КДЮСШ-3» командасынан 9:1, «Жеңіс-Атлетик» командасынан 4:0 есебімен басым түсті. «Қайрат» МФК болса «Қайрат-1» футболшыларына ұтылғанымен «ЦСКА» аяқдопшыларын 5:0 есебімен тізе бүктірді. «КДЮСШ-3» «Қайрат-2» командасын алдымен 0:2 етіп ұтып, екінші кездесуде 1:9 боп жеңілді, ал ақтық сында «ФШМ» командасынан 4:2 есебімен басым түскен болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера