Алматыда ТМД елдерінің облигациялық конгрессі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ТМД елдерінің облигациялық конгрессі өтуде

Алматыда ТМД елдерінің облигациялық конгрессі өтуде

Бүгін, 19-мамырда Алматыда ТМД елдерінің екі күнге созылатын облигациялық конгрессі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Мамыр 2005
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бас қосу бағдарламасында ТМД елдерінің облигациялық рыноктарына қатысты ауқымды мәселелер топтамасы қарастырылған.

Оған Ресей, Қазақстан және Украинаның қаржы рыногы лидерлерімен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Беларусь сынды елдердің дамушы рыногының өкілдері қатысуда.
Конгреске кәсіби қор рыноктарының өкілдерімен қатар ТМД елдерінің мемлекеттік реттеуші органдарының жетекшілері қатысуда.
Қазақстан қор биржасының өкілі, Ирбис агенттігінің бас директоры Андрей Цалюктің айтуынша, бұл конгресс ТМД елдерінің қор рыногын дамытуда айрықша маңызды роль атқармақ.
«Мұндай шаралар теориялық және тәжірибелік тұрғыда төтенше маңызға ие»,- дейді ол.

Перейти к новостям спорта