Алматыда ТМД халықтары мәдениетінің фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ТМД халықтары мәдениетінің фестивалі басталды

Алматыда ТМД халықтары мәдениетінің фестивалі басталды

Алматыда ТМД халықтарының мәдениетінен сыр шертетін «Төлтума мәдениет -2014» фестивалі басталды. Бұл шараны Алматы қаласының әкімдігі мен «Еуразия мәдени альянсы» ҚБ бірлесе ұйымдастырып отыр.

  • 18 Ақпан 2014
  • 421
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Беларусь мемлекетінің астанасы — Минск қаласында ТМД елдері басшыларының шешімімен Алматы қаласы ТМД аймағының мәдени астанасы ретінде жарияланған болатын.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба «Достастық елдерінің мәдени астанасы» мемлекетаралық бағдарламасының заңды жалғасы болмақ.

Өткен аптада алматылықтарға Беларусь, Армения, Қазақстан, Ресей мәдениетінің өкілдері ән мен жырдан шашу шашып, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұсынды. Күні бойы қала тұрғындары аталған халықтардың төл мәдени мұрасын тамашалауға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақпанның 22-сінде Алматыға Украина, Түрікменстан, Молдова мен Өзбекстан мәдениет және өнер өкілдері келеді деп күтілуде.


Ал, наурыздың 1-інде алматылықтар тәжік, татар, өзбек, қырғыз халықтарының мәдениетімен жақынырақ танысатын болады.

Перейти к новостям спорта