Алматыда ТМД және Балтық елдері банктерінің IY конференциясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ТМД және Балтық елдері банктерінің IY конференциясы өтеді

Алматыда ТМД және Балтық елдері банктерінің IY конференциясы өтеді

Алматыда қыркүйектің 16 мен 18-і күндері ТМД және Балтық елдері банктерінің IY конференциясы өтеді. Бұл туралы конференцияны ұйымдастырушы Қазақстандық Темірбанктен хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 524
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл конференцияға қатысушылар аясы әжептәуір кеңейген. ТМД, Балтық Республикалары мен алыс шетелдерден 19 елдің 300 өкілі оған қатысу жөнінде мәлімдеме жасапты. Жалпы алғанда конференцияға 130 банктер мен компаниялардың өкілі қатысады.

Бас қосуда бұрынғы кеңестік Республикалардағы банк секторының дамуындағы жаңаша бағыттар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, әртүрлі банк өнімдері мен қызметтерін қолданысқа енгізу ерекшеліктері, банк тәуекелін басқару және оларды сақтандыру, интеграциялық процесстерді тереңдетудегі банктер ролі , көршілес рыноктарға шығу жолдары талқыланады.

Соңғы жаңалықтар