Алматыда төбелес салдарынан бір адам қайтыс болып, бір адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда төбелес салдарынан бір адам қайтыс болып, бір адам жараланды

Алматыда төбелес салдарынан бір адам қайтыс болып, бір адам жараланды

Алматыда төбелес салдарынан бір адам қайтыс болып, бір адам пышақтан жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 20 Қазан 2003
  • 600
Фото - Caravan.kz

Төбелес Жетісу ауданындағы «Электромонтаж» АҚ-ның аумағында таңғы сағат бестер шамасында шыққан. Жаңжал салдарынан Алматы облысы Қарасай ауданының 20 жастағы тұрғыны санынан пышақпен жарақаттанып қайтыс болды. Тағы бір пышақталған жігітті жәдел жәрдем тобы ауруханаға жеткізді. Төбелеске қатысушы үшінші адам — Қарасу ауданының 37 жастағы тұрғыны, бұрындары сотталған азамат уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Тұтастай алғанда, өткен тәулікте Алматыда 32 қылмыс тіркелді, соның ішінде екі кісі өлтіру оқиғасы, бес тонау оқиғасы, бір қарақшылық шабуыл, заңсыз есірткі сақтау және сатуға қатысты 7 факт тіркелді.

Соңғы жаңалықтар