Алматыда төрт тоннаға жуық контрабандалық кальян темекісі тәркіленді
Алматының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) қызметкрелері кальян темекісін заңсыз жолмен әкелу, сақтау және сатуға қатысты бірнеше әрекеттің жолын кесті. |
Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Бақылау үшін М. есімді азаматтан сатып алу барысында «Аль Факир» маркалы темекінің бір тоннасы табылған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, оның базардағы орташа бағасы 4 миллион теңгені құрайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша (заңсыз кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері, мұнымен қоса, кальян темекісін заңсыз әкеліп, сатқан Алматының тағы екі азаматын анықтады. Олардан 2 мың 730 кг темекі табылған.
Аталмыш тұлғалар салық органдарына кәсіпкерлік субъект ретінде тіркелмеген, акциздеуге жататын өнім төлемінде қаралған акциз салығын төлемеген.
Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде.
Заңсыз әкелінген кальян темекі өнімдері сертикатталмаған және санитарлық-эпидемиологиялық станцияның арнайы тексеруінен өткізілмеген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін