Алматыда төртем мен үшем қатар туылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда төртем мен үшем қатар туылды

Алматыда төртем мен үшем қатар туылды

Алматыда төртем дүниеге келді. Олардың үшеуі қыз, біреуі ұл. Бұған қоса, бірден 3 баланы дүниеге әкелген 23 жастағы ана бүгін перзентханадан шығарылды. Айта кету керек, алып шаһарда төртемнің анасының бойына табиғи жолмен бітуі бірінші рет тіркеліп отыр. Ал бұрынғылары тек экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы туылған еді. Дүние есігін қатар ашқан төртем мен үшемнің жағдайы қазір бірқалыпты.

  • 13 Тамыз 2015
  • 388
Фото - Caravan.kz

3 баласы бар Баян тағы төртемді босанып, көпбалалы ана атанды. 35 жастағы келіншек пен күйеуі қуанышты хабарды естігенде, сенер-сенбесін білмеген. Олар бір ұл мен үш қызының есімін әлі де қоймапты. Пышаққа түсіп босанғаны болмаса, қазір Баянның жағдайы жақсы.

Баян Абдуллина, төртемнің анасы:

— Ең үлкені бізде бірінші ұл шықты. Екі де үш жүз болып .Одан кейін барып егіз 2 қыз. Екі де жиырма килограмм, бір де 871 болып. Одан кейін барып ең кенже кішкентай қызымыз шықты. Бір де үш жүз болып. 

Ақнұр, Інжу, Іңкәр. Бұл – осы перинаталдық орталықта туылған үшемнің есімдері. Олардың да әке-шешесі төбелері көкке жеткендей қуануда. Жас отбасының тұңғышы да қыз. Енді, араға 2 жыл салып тағы 3 қыз дүниеге келді. 23 жастағы келіншек осылайша 4 баланың анасы атанды.

Толғанай Сламхан, үшемнің анасы:

— Басында сенбедік үшем екеніне.Себебі, үшем көп бола бермейді ғой өмірде. Күнде келе бермейді дүниеге. Қуанышты сезімде болдық.

Көпбалалы отбасының отағасы Бауыржан құрылысшы болып қызмет етеді. Ал әйелі Толғанай сатушы болыпты. Ерлі-зайыптылар Алматыда пәтер жалдап тұрады екен. Оларды құттықтай келген атқамінерлер осы баспана мәселесін шешуге көмектесеміз дейді.


Зәуре Аманжолова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

— Егер үйлері жетіспей жатса, өздеріңіз білесіздер, бізде Алматы қаласында 1 адамға 15 квадрат метр. Онда бұлар тез арада кезекке тұрмаса, кезекке тұрады да, біз оны әрине тез арада қарастырамыз.

Бұған қоса, төртемнің анасына да балаларға қарау үшін 2 медбике жібереміз деп сендірді.

Қазір үшемді дүниеге әкелген Толғанай нәрестелерімен үйге шығарылса, төртем анасымен бірге дәрігерлердің бақылауында. Енді, олар да 10 күннен кейін үйлеріне қайтарылады. Ең бастысы — қазір балалардың да, келіншектердің де денсаулығы жақсы дейді ақ халаттылар.

Соңғы жаңалықтар