Алматыда төтенше жағдай орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда төтенше жағдай орын алды

Алматыда төтенше жағдай орын алды

Бүгін Алматыда төтенше жағдай орын алды. Түс ауа қалада қатты жауын жауып, арты бұршақ аралас нөсерге ұласты. Табиғаттың тосын мінезінен қалада көлік апаттары көбейіп, бағдаршамдар мен троллейбус желілері істен шықты.  Үдей соққан желден кей үйлердің шатыры жұлынып, тұрақтағы көліктер мен жол өткелдерін басып қалған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері ауа райын болжаушылар тарапынан алдын ала ешқандай мәліметтің болмағанын айтады. Қазір қалада қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

  • 28 Маусым 2011
  • 576
Фото - Caravan.kz

Мінезінің қатқыл екенін Алматы ауа райы бүгін тағы бір мәрте дәлелдегендей. Түске дейін ашық тұрған аспан кенет күңіреніп, арты шаһар ішін шарпыған  аласапыранға ұласты. Бәрінен бұрын тұрақтағы көліктер қатты зардап шегіпті.

— Көліктен шыққаным сол екен. Қайдан құлағанын білмеймін, темірлер тарс ете түсті. Содан тұрмын

Куәгерлердің айтуынша, “Тойота” маркалы көліктің үстіне құлаған қаңылтырлар қарама-қарсы бағытта тұрған  үйдің шатырынан ұшып келген. Тек көліктің үстіне аздап сызат түскені болмаса, зардап шеккендер жоқ. Ал тұрғын кей көпқабатты  үйлердің терезелері сынып, төбелерінен су аққанын айтады.

Әкежан Құлдияров, Алматы қаласының тұрғыны:

— Өзім де түсінбей қалдым. Ақырзаман келді ме деп қорқып кеттім.  Үшінші   қабаттағы балконымның терезесі сынып кетті. Енді бір көршімнің үйіне төбесінен жауынның  суы ақты.

Тұрғындар төтенше жағдайлар қызметін шықыртқандарын, бірақ арада бір сағаттан астам уақыт өтсе де,ешкімнің келмегенін айтады. Дегенмен кейбірі “қажетімізге жарап қалар” деген болар,  құлаған терек бұтақтарын жинап әлек.


Бұл бұтақтарды не істемексіз?

— Еменнің талдары ғой, моншаға қажет,  біреуі 700 теңге тұрады. Ал мына жерден қалағаныңды алуыңа болады.

Біреуге мал қайғы, ал енді біреуге жан қайғы деген осы болар. Алайда Тимирязев көшесінің бойындағы  көліктің опырылып сынған ағаш астында қалғанын иесі әзірге білмейтін болар. Жалпы, небәрі бір сағат ішінде қаһарына мінген Алматының ауа райы көпшілікті осылайша әбігерге салды. Сонымен қатар  қатты нөсер салдарынан Шымбұлақ шатқалына апаратын арқан жолдағы вагондардың бірінде 12 жастағы бала қалып қойған.Құтқарушылардың хабарлауынша, оған қазір көмек көрсетілуде. 

Соңғы жаңалықтар