Mәліметке сәйкес, Алмалы ауданында Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында 17 шілде күні сағат 17.45-те трамвай жүргізушісі №15 бағыттағы бағдарлы таксимен қақтығысқан. Жол апаты салдарынан автобус жолаушысы ауруханада көз жұмды, 9 жолаушыға жедел жәрдем көрсетіліп, тағы екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.