Алматыда трансгендерге сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда трансгендерге сот үкімі шықты

Алматыда трансгендерге сот үкімі шықты

Алматылық трансгендер-қызға бопсалау ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 6 Наурыз 2017
  • 345
Фото - Caravan.kz


27 жастағы Виктория Беркходжаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді.  Сотталушы Каримжан Беркходжаев аса ірі көлемде ақша бопсалаған. Іс бойынша айыпталушы және жәбірленуші ретінде жынысын ауыстырған екі ер адамның ісі қаралған. Алайда құжаттарға сай, жәбірленуші — әйел адам. Осыған дейін Алматыда сотталушы трансгендер полицейлердің өзін қинағанын айтты. Каримжан Беркходжаев қылмыстық іс бойынша тергеу барысында өзіне заңсыз әрекеттердің қолданғанын айтты. Сот сотталушының шағымын тексеруді бұйырды.