Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
— Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінде хабарлағандай, бұл жол-көлік оқиғасы Алмалы ауданында болды. Троллейбус жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей аялдама кешеніне соғылды. Апат салдарынан бір жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Оқиғаның басқа мән-жайларын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.