Алматыда туберкулезді емдеудің тың тәсілі таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда туберкулезді емдеудің тың тәсілі таныстырылды

Алматыда туберкулезді емдеудің тың тәсілі таныстырылды

 

  • 14 Маусым 2016
  • 376
Фото - Caravan.kz

Алматыда туберкулезді емдеудің «endTB» деп аталатын халықаралық жаңа жүйесі таныстырылды. Жоба аясында өкпе ауруына шалдыққан науқастар жаңа дәрі-дәрмектер арқылы ем қабылдайтын болады. Жобаны таныстыруға келген отандық дәрігерлердің айтуынша, соңғы 50 жылда еліміздегі фтизиатрияда мұндай препараттар болған жоқ. «ЕndTB» жүйесі биылғы наурыз айынан бастап Астанада пилоттық жоба ретінде қолға алынған. Осы аралықта ем қабылдаған 29 науқастың жағдайы жақсарыпты. Енді тың жобаны еліміздің өзге өңірлерінде қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Айта кетейік, жаңа дәрі-дәрмектер туберкулездің ең ауыр түрлерін жазуға мүмкіндік береді. Әрі бұл жүйе бойынша науқастар ақысыз емделеді.

— Бұл «endTB» бағдарламасы 15 мемлекетте іске асырылады. Оның ішінде Қазақстан да болады. Ең көп ауруларды жаңа препараттармен, жаңа диагностикалық әдістермен қамтамасыз етуге қолжетімділігін кеңейтетін болады, дейді ҚР Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Жұмағали Исмаилов.


Соңғы жаңалықтар