Алматыда туған күн тойлаған студенттер дүкенге ұрлыққа түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда туған күн тойлаған студенттер дүкенге ұрлыққа түсті

Алматыда туған күн тойлаған студенттер дүкенге ұрлыққа түсті

Алматыда туған күн тойлаған студенттер тіскебасар іздеп, түн ортасында көкөніс дүкеніне ұрлыққа түскен. Қызып алған олар темір құлыпты пышақпен бұзып кіріпті.

  • 27 Қыркүйек 2014
  • 257
Фото - Caravan.kz


Студенттер 21 жасқа толған досын құттықтауға қала ортасындағы жалдамалы пәтерге жиналған екен. Дүкеннен арақ-шарабын алғанымен, тамаққа ақшалары жетпесе керек. Сөйтіп, ішімдіктен біраз сілтеген соң арақтың буымен тіскебасар іздеп, далаға шыққан. Бірақ алысқа ұзамай, сол ауладағы көкөніс сататын дүкеннің құлыбын пышақпен бұзып бір қорап алма мен бір қорап қызанақты көтеріп кеткен. Көрші-қолаңның ескертуін де мас жігіттер елемепті. Тек тәртіп сақшылары есік қаққанда, істің насырға шапқанын түсініп ұрлық алма мен қызанақты терезеден лақтырып жіберген. Дегенмен, бұлай жазадан сытылмасы анық. Ұрлық дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Ал, туған күн иесі 21 жасын енді ұмытпастай болды.