Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 12164 жағдайы тіркелген. 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші — 530.
— Тұмау жұқтырғандардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе төмен және алдыңғы аптамен салыстырғанда 34,8% пайызға (18659 жағдай) азайған. Жалпы бұл аурудың 61,9% балаларды қамтиды. Сонымен қатар, қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқада вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда жүр, — деді Қасымхан Алпысбайұлы.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, ЖРВИ-ға зерттелген 107 сынаманың 33-інде тұмауға жатпайтын басқа да ЖРВИ вирустары анықталған. Алайда олардың қатарында ЖРВИ-дың бір түріне жататын метапневмовирус анықталған жоқ.