Алматыда тұмауға қарсы 200 мың ресейлік вакцина сатып алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұмауға қарсы 200 мың ресейлік вакцина сатып алынды

Алматыда тұмауға қарсы 200 мың ресейлік вакцина сатып алынды

Жыл басынан бері қала аумағында ЖРВИ-ның 10 802 жағдайы тіркелген.

  • 12 Қыркүйек
  • 15
Фото: ашық дереккөз

Алматыда өткен жылмен салыстырғанда тұмау жұқтырғандар саны 8,1%-ға азайған. Бұл туралы Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қала аумағында ЖРВИ-ның 10 802 жағдайы тіркелген. Әрбір 100 мың тұрғынның 484 тұмау жұқтырған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 8,1%-ға төмен (444). Инфекция жұқтырғандардың 62,1%-ы балалар, яғни 6 712 жағдай.

«2024 жылға жергілікті бюджет қаражатына «тәуекел тобындағы» адамдарды вакцинациялау үшін ресейлік 200.000 доза мөлшерінде үш валентті тұмауға қарсы «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынды. Вакцина биыл қыркүйек айының екінші онкүндігінде жеткізіледі деп күтіледі. Вакцинация тұмауға қарсы екпелердің түсуіне қарай басталады және 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін тіркелген жері бойынша емханаларда жалғасады», — деді департамент басшысы.

Сонымен қатар оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың өршуі кезеңінде халыққа алдын алу шараларын сақтауды ұсынады:

– дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин жақпа майын қолдану;

– жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерді ылғалды шүберекпен жинау, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет;

– аурып қалған жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдемей, медицина қызметкерін шақыру қажет. Түшкіру және жөтелу кезінде ауызды қолмен, майлықпен, орамалмен жауып, қолды мүмкіндігінше жиі жуу қажет;

– науқас балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға жібермеу.