Caravan Logo

Алматыда тұрғын үйдің мансарды өртенді

Алматыда тұрғын үйдің мансарды өртенді


Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады. 

Оның айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама таңертеңгі 11:22-де түскен. Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау 11:41-де ауыздықталып, 11.57-де сөндірілді. 
Өртті сөндіруге 4 арнайы техника, 20 қызметкері жұмылдырылды. 
Оқиғадан ешкім жапа шеккен жоқ.