Алматыда тұрғындар заңсыз құрылысқа қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғындар заңсыз құрылысқа қарсы шықты

Алматыда тұрғындар заңсыз құрылысқа қарсы шықты

Іргеден басталған құрылыс үлкен дауға себеп болғалы тұр. Бүгін Алматыда бір топ тұрғын тура үйлеріне жапсарлас етіп үй салуға қарсы шықты. Құрылысшылардан жарытып жауап ала алмаған жұрт ақыры жаға жыртысып тынды. 

  • 22 Қазан 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

-Әкім берді деп тұрмын. Сатып алды емес, арендаға берді.

Онда неге жеке меншік деп айғайлап тұрсың?

-Ей, сандырақтамашы!

-Жоқ…

-Түсіндің ба?

Құрылыс компаниясы екі үй арасындағы бұрыштан 9 қабатты қос ғимарат салмақшы. Ол үшін қалалық әкімдіктен екі жыл бұрын рұқсат та алып қойған екен. Тек құрылысшылар осындағы тұрғындармен келісуді естен шығарып алған сияқты. Мұндай биік нысанды тұрғын үйге тақап салуға қалай және қай заңға сүйеніп рұқсат берілгенін жұрт әлі ұға алмай жүр. Ең бастысы жаңа көршілердің кесірінен өздері баспанасыз қаламыз ба деп қорқады. Сондықтан қала атқамінерлері мен компания басшылығы келіп түсінік бергенше құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол бермейміз деп бекінген.

Солдатбай Ақтас, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бала ойнайтын жер де қалмай қалды, қоқыс төгетін жер де қалмай қалды. Енді әкеліп мына жерге үлкен-үлкен құрылыс саламыз дейді. Онысы қалай? Осыған қарайтын Үкімет қайда? Басқа қазақтың жері жетпей жатыр ма?

Соңғы жаңалықтар