Алматыда тұрғын үй кешенінде жөндеу жасаған азамат 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғын үй кешенінде жөндеу жасаған азамат 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Алматыда тұрғын үй кешенінде жөндеу жасаған азамат 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Алматыда "Комфорт сити" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірін жөндеген азамат 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді.

  • 23 Сәуiр 2024
  • 20
Фото: Kozachkov_offside Telegram арнасынан

Kozachkov_offside Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 20 сәуірде болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тұрғындар жағдайдан соң шу шығарып, ақ жейделі жігіттен күдіктеніп, оны өздері іздей бастаған.

“Болжам бойынша, ол пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал қылмыс көлік тұрағында жасалса керек”, – делінген жазбада. 

“Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр”, – Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.