университетаралық ақындар айтысы өтеді.
Сүлеймен Демирел университеті филология факультетінің бастамасымен өтетін айтыста он екі университеттің студенттері бақ сынайды. Олардың ақындық шеберліктерін, шабытты жырмен жеткізе білуін айтулы ел ағалары, жас ақындар мен ғалымдар бағалайтын болады. Тақырыпқа шектеу жоқ. Басты ұстаным — шапшаң, тұжырымды, көшелі ой айту. Жүлделі орындар саны — алты. Жүлделік қор — 700 мың теңге көлемінде. Шара ұлттық өнерді дәріптеуді, талантты ақындарға қолдау көрсетуді көздейді.
«Қазіргі таңда танылмаған дарындар жеткілікті. Біздің мақсатымыз ұлттық өнерімізді насихаттай отыра, жас ақындарды табу, ашу, мүмкіндігіміз жеткенше қолдау көрсету», — дейді шараның ұйымдастырушылары.
Шараның өтетін орны: Алматы қаласы. Қаскелеңге кіре беріс жердегі жаңа кампус. Сүлеймен Демирел Университеттінің бірінші қабатындағы акт залы. Басталуы сағат 11.00-де.