Алматыда Түркияның танымал актері Бурак Озчивитпен кездесу өтті
Кеше 21 мамыр күні Алматыда "Арман" киноорталығында Түркияның атақты актері Бурак Озчивитпен кездесу болды.
22 Мамыр 2015
1299
Фото - Caravan.kz
Ол біздің қаламызға жаңадан шыққан "Любовь похожа на тебя" атты фильмді алып келді. Бұл фильмде өзі басты рольді, балықшы Алидің ролін сомдайды.
Бұл фильм қалың көрерменнің ықыласына бөленді. Кеше кеш қонақтары мен жанкүйерлері актермен бірге суретке түсіп, видеоға түсіріп жатты, деп хабарлайдыgazeta.kz.
Мына киноның сценарйін жазған адам кім және қаншалықты өмірде болған оқиғаға байланысты қойлыған? Әлде ойдан шығарылған ба?
Бұл фильмнің хикаясын мен жаздым. Хикаясы менің ойымнан шыққан. Ал сценарийін Бедиа Джейлан жазған. Негізінде менің жазған бірнеше хикаям бар. Бірақ ең алғаш жазған хикаяларымның бірі осы. Негізінде бұл фильмді тек қана Туркия көрермендері үшін түсіреміз деп ойлағанбыз. Алайда басқа да мемлекеттерден сұраныс болғандықтан, бұл киноны басқа жақта да көрсетуге ұйғардық. Бірақ сұраныс тым көп болғандықтан сол өлкелердің бәріне барып үлгермей жатырмын. Дегенмен ең алдымен бауырлас мемлекет Қазақстанға келдім.
Бұл өмірден алынған сценарий ме, әлде ойдан құралған ба?
Жоқ, бұл өмірден алынбаған, барлығы менің ойымнан шыққан хикая. Бірақ өмірден алынған хикаяларым да бар. Кезекте басқа да жобаларымыз бар. Ал мынау тек алғашқы жоба.
Қазақстанға бірінші келуіңіз бе? Қазіргі көңіл күйіңіз қандай? Қандай әсер алып жатырсыз?
Өте қуаныштымын. Әрине, Қазақстанға бірінші рет келуім. Қатты қуанып отырмын. Өйткені осындай сұраныс, осыншама көрермен болады деген ой болған жоқ. Сондықтан да ендігі жолы фильм түсіргенде міндетті түрде Қазақстанға алғашқы болыпк елемін. Өйткені Түркия мемлекеті үшін Қазақстанның орны өте ерекше. Сол себепті келесі жолғы жобамызды міндетті түрде Қазақстанға әкелетін боламыз.
Сізді Сұлтан Сүлейман телехикаясынан Бали бей ретінде көрдік. Жалпы сізге Бали бей бейнесі қаншалықты жақын? Сіздің карьераңыздағы ең жарқын бейнелердің бірі деп айта аламыз ба?
Әрине, сіз айтып отырған Бали бейдің орны мен үшін үлкен. Қазақстандықтар да бұл сериалды сүйіп қарайтындарыңызды білемін. Мен үшін Бали бейдің орны ерекше. Негізінде сериалда көбінесе актерлер ойдан шығарлыған кейіпкерлерді сомдайды. Бұл рөлдің мен үшін неге маңызды десеңіз, бұл жерде мен тарихта болған, өмірде болған кейіпкерлерді сомдадым. Мұндай рөлдің бұйырғанына қуаныштымын. Сол себепті де оған көп дайындалдым, жауапкершілік көп болды. Ең керемет рөлімнің бірі деп айта аламын. Сіздердің осылай жиналып отырғандарыңыздың барлығы Бали бейдің арқасы деп ойлаймын. Бали бейдің рөлі шынымен де қызықты. Сондықтан да қазір соған қатысты тағы да бір-екі жоба жасап шығарсақ па деген ойымыз бар. Барлығымыз түбі бір түркі халық болғандықтан, бұл кино сіздердің де тарихтарыңыздың бір бөлігі деп айта аламыз. Бали бейге деген қызығушылық танытқандарыңызға рақмет!
Сіз Бурак Өзчилик ретінде түркі әлеміндегі мәдени қарым-қатынастарға қаншалықты сенесіз? Қандай кемшіліктер бар, өнер тұсынан алғанда? Және не істеу керек деп ойлайсыз? Көп рақмет!
Әрине, сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс. Түркия мемлекеті Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған мелекеттердің бірі болды. Бауырлас мемлекет болғандықтан да осында келгенімді жақсы білесіздер. Бұған дейін Түрік фильмдерін Қазақстанға айналымда болмаған. Ең бірінші фильмді осында мен алып келіп, алғашқы болып бастап жатқаныма өте қуаныштымын. Мәдениетіміз одан ары беки түсетініне сенімдімін. Және мен бұған ат салысамын. Әрине, бір тараптан ештеңе болмайды, сондықтан да сіздерге де жауапкершілік түседі.
Кездесу барысында Бурак түсірілген жаңа фильм жайлы айтып кетті. Негізінде бұл фильмді тек қана Туркия көрермендері үшін түсіреміз деп ойлағанбыз. Алайда басқа да мемлекеттерден сұраныс болғандықтан, бұл киноны басқа жақта да көрсетуге ұйғардық. Бірақ сұраныс тым көп болғандықтан сол өлкелердің бәріне барып үлгермей жатырмын. Дегенмен ең алдымен бауырлас мемлекет Қазақстанға келдім, — дейді.