Алматыда Turkuaz компаниясының бизнес орталық салушы құрылысшыларының арасында шиеленіс шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Turkuaz компаниясының бизнес орталық салушы құрылысшыларының арасында шиеленіс шықты

Алматыда Turkuaz компаниясының бизнес орталық салушы құрылысшыларының арасында шиеленіс шықты

Алматы. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгін Turkuaz компаниясы Әл-Фараби даңғылының бойында салып жатқан бизнес орталықты салушы құрылысшыларының арасында шиеленіс шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

Әкімшіліктің шақыруы бойынша оқиға орнына келген Медеу АІІБ қызметкерлерінің айтуынша, «құрылысшы қазақтар мен түріктер арасында дау-дамай шыққан».

«Қазір біз оқиғаның барысын анықтап жатырмыз. Екі құрылысшы аспапқа таласып, шекісіп қалған, бірі- қазақ, бірі- түрік», -деді полиция қызметкері.

Шиеленісті бірінші болып кім бастағаны белгісіз, деді ол. «Екі жақ бірін-бірі айыптауда. Түріктер төбелесті бірінші болып қазақ бастады десе, екінші жақ түріктер бастады дейді. Бізге айтқандары, түрік жігіті төбелес кезінде біздің жігіттің басына құрылыс шпателін тығып жіберген», -деді тәртіп сақшысы.

Оның айтуынша, оқиға туралы ақпарат бүкіл құрылыс алаңына таралып үлгерген. «Компания қызметкерлері төбелес басталмай тұрып бізді шақырды. Біз дер кезінде келдік. Қазір бірдеме айту қиын, бәрі анықталу үстінде, тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Не болғанын анықтаймыз» — деді полицей.

Оның айтуынша, бұл — Алматыдағы құрылыс алаңдарындағы осындай бірінші оқиға.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар