Алматыда тұрмыстық техникасы жанып кеткен жұрт шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрмыстық техникасы жанып кеткен жұрт шу шығарды

Алматыда тұрмыстық техникасы жанып кеткен жұрт шу шығарды

Алматыда бүтін бір ықшамаудан тұрғындары тұрмыстық техникаларын түгел көшеге алып шықты. Наразылықтың мұндай ерекше түріне жұрт амалсыз барып отыр. Ал бәріне себеп көше бойындағы биік терек екен. Жел соқса электр желісін зақымдап, салдарынан тоңазытқыштан бастап телефонға дейін күйіп кеткен. Іске аспай қалған техниканының өтеуін енді пәтер иелері кооперативі өтесін дейді тұрғындар.

  • 30 Шiлде 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz

Дулатов көшесінде жексенбіден бері абыр-сабыр. Ел тұрмыстық техникаларын жаппай қоқысқа шығарып жатыр. 3 күн бұрын мұнда қатты жел тұрып, көше бойындағы терек кесірінен электр желілері зақымданған. Салдарынан 60-қа жуық үйдің техникасы түгел күйіп кетіпті.

Гүлжәміт Берікова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Үлгерген заттарымның бәрін өшіріп үлгердім, үлгермей қалғаным теледидар міне, радио телефон. Үйде шамдар жарқырап, былай олар да күйіп кетті. Жел тұрса, желілер жарық-жарық етіп, үйге от түсіп күйіп кететіндей қорқып отырамыз.

Күйген техника кесіренен мұнда ішіп-жем де жарамсыз күйде қалған. Тек тілшілердің келгенін естігенде жарыққа жауаптылар шұғыл келіп, желілерді жөндепті. Онда да ескі тоқтарды бір-біріне қайта жалғай салған. 

Раиса Морусова, Алматы қаласының тұрғыны:

 -Оны жалғағаннан не пайда, жел соқса, жауын жауса бітті, қайта үзіледі. Теледидарым, кондиционерім, компьютерім күйіп кетті. Кім оның ақысын өтейді. 6 ай бұрын ғана несиеге алып едім. Ақшасында өтеп бітпедім.

Жұрт осылай техниканың күюіне ауладағы ағаштар себеп дейді. Мәселен, биіктігі 10-12 метрге жеткен мына теректі кесуге екі жыл бұрын рұқсат берілген екен. Тіпті қауіпсіздік белгісі де қойылыпты. Оны қиюға тек пәтер иелері кооперативінің төрайымы қарсы.


Валентина Кузнецова, Алматы қаласының тұрғыны:

— 2013 жылы мына ағашты кесуге рұқсат алдық. «С» деген әріп соның белгісі. Ағаштың бұтақтары тоққа тиіп тұр. Жел соқса бітті үзіледі. Не ағашты кеспеді, не сымдарды ауыстырмады. Кооперативтің неге қарсы екенін түсінбедік. Біз кессек, айыппұл саламыз деп қорқытады.

Электр желесіне кесірін келтіріп тұрған кәрі ағашты неге кеспей отырғанын өз ауызынан естімекке ел тағы кооперативке келді. Бірақ әдеттегідей есігі бүгін де тарс жабық.

Теректің кесірі бұлай жалғаса берсе техника тұрмақ, ағаштан салған ескі үйлер де отқа орана ма деп қорқады тұрғындар. Сондықтан «ағаш кесу ісін» енді сотқа дейін жеткізуге бекініп отыр.

Соңғы жаңалықтар