Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға тегін дүкен ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға тегін дүкен ашылды

Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға тегін дүкен ашылды

Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін тегін дүкен ашылды. 

  • 16 Мамыр 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

Дүкенде киім, тұрмыстық заттар, ойыншықтар, аяқ киімдер бар. Бұл жергілікті меценаттар мен әкімдіктің бастамасы, деп жазады kp.kz.

Кәсіпкер 25 шаршы метр аумағы бар ғимаратты берді. Бір апта ішінде оны дүкен етіп жасады. Дүкенге қайырымдылық бірлестіктер мен бизнесмендер ғана емес, қарапайым тұрғындар да зат тапсыра алады. 

"Тұрғындардың көмегінсіз ешнәрсе істей алмайтын едік. Тұрғындар күн сайын киім-кешек әкеледі. Мұқтаж жанның бәрі ондағы затты ала алады", — деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав Вавилин.

Жетісу ауданында мыңнан аса көпбалалы ана тұрады. Мұндай дүкендер оларға айтарлықтай қолдау болады. 


Дүкен "Айнабұлақ" ықшамауданы, 103 А үйде орналасқан. Дүкен кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар