Алматыда үйлену тойына арналған көрме өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда үйлену тойына арналған көрме өтеді

Алматыда үйлену тойына арналған көрме өтеді

«Я Невеста» журналының ұйымдастыруымен «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының (ҚІЫО) павильондарының бірінде мамырдың 27-і мен 29-ы аралығында үйлену тойына арналған көрме өтеді, деп хабарлайды журналдың баспасөз қызметі.

  • 25 Мамыр 2011
  • 639
Фото - Caravan.kz

«Wedding Emotions Almaty — 2011» көрмесі той сәнінің соңғы үлгілерін, флористика, стилистика, фотобейнетүсіру, банкеттерді өткізу мен безендіру үрдістерін көрсетуге бағытталған», — делінген ақпаратта.

Көрменің басты мақсаты — «қаладағы компаниялардың қатысуымен соңғы сән үрдістерін түсіндіру мен көрсету арқылы той мәдениетін қалыптастыру».

Ақпаратқа сәйкес, көрмеге келушілер той индустриясының тауарлары мен қызметтерін өндірушілер мен жеткізушілермен тікелей сөйлесіп, жарнама акциялары мен ұтыстарға қатыса алады. Сонымен қатар, көрменің бағдарламасында семинарлар, шеберлік-сағаттары, қалыңдықтың бейнесін жасау, кондитер өнімдерінің дегустациясы, той сәнінің таныстырылымы, той көліктерінің экспозициясы жоспарланған.

Сонымен бірге, көрме шеңберінде той асабалары, танымал әртістер өнерлерін көрсетіп, қатысушыларға конкурс ұйымдастырылады.

«Wedding EmotionsAlmaty-2011» көрмесінің артықшылығы www.svadba.com.kzэлектрондық ресурсының болуы. Оған кірген пайдаланушылар 9 айы бойы көрмеге қатысқан әр компания туралы ақпарат ала алады. «Осылайша, көрме биылғы жылы жас жұбайлар атанғандарға ғана емес, 2012 жылы некесі қиылатын жастар үшін де пайдалы», — дейді көрмені ұйымдастырушылар.

Көрме 27 мамырда «Атакент» ҚІЫО №9 павильонында сағат 12:30-да ашылады.

Перейти к новостям спорта