Жарияланды: 430

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесінен үш Калашников автоматы тәркіленді

Алматыда "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесінен автомат пен оқ-дәрілер тәркіленді, деп бүгін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне құқық қорғау органындағы дереккөз мәлімдеді.

Дереккөз мәліметіне сәйкес, сенбі күні Яссауи көшесіндегі көлік жуу орнының маңынан "Айшақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық топтың Lexus LX-570 джип көлігін мінген, бұрын бірнеше рет сотты болған 44 жастағы мүшесі ұсталды. Көлікте сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны мен Алматы облысының бір тұрғыны болған. Көліктің багажын тексеру кезінде 878580 нөмірлі АКМ - 7,62; МД 932 нөмірлі АКМ - 7,62; белгі мәліметтері жоқ АКМ, АКМ автоматына арналған оқ салынған 4 магазин, 7,63х39 калибрлі АКМ-ге арналған 241 жауынгерлік оқ табылған. Қазір ұсталғандар уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін