Жарияланды: 1600

Алматыда "Үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдарының экологиялық проблемаларды шешудегі ролін зерттеп талдау " тақырыбындағы семинар басталды

Бүгін, 27-қаңтарда Алматыда "Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдары мен кәсіподақ ұйымдарының экологиялық проблемаларды шешудегі ролін зерттеп талдау " тақырыбындағы семинар басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Бас қосуды Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы Италияның "Оңтүстік жоба институты" атты үкіметтік емес ұйымы және Италия Сенім қорымен бірлесе отырып ұйымдастырған. Семинарды ашқан Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының экологиялық саясат жөніндегі менеджері Исмаил Даировтың айтуынша, "бұл семинар Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі экологиялық стратегияны жүзеге асыру аясындағы жұмыстарының жалғасы іспетті. Стратегияның маңызды бір мақсаты оны жүзеге асыруда қоғам өкілдерін кеңінен жұмылдыру болмақ. Сондықтан да бұл жұмыста кәсіподақ ұйымдарының атқаратын ролі айрықша маңызды ". И.Даировтың айтуынша, Италия Сенім қоры үшін бұл шара сынап көру үшін өткізіліп отыр. Қор өкілдері қазақстандық бейресми ұйымдардың тауқыметтері, мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы мәлімет алмақшы. Семинар соңында Италияның сенім қоры еліміздің үкіметтік емес ұйымдарының су ресурстары және биологиялық түрлер саласына арналған бірқатар жобасын қаржыландырады деп күтілуде,- дейді И.Даиров. Семинар екі күнге созылады. Оған еліміздің бірнеше аймағынан 25 үкіметтік емес ұйым мен кәсіподақ қозғалыстарының өкілдері қатысуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін