Жарияланды: 410

Алматыда украиналық баскетболшы соққыға жығылып, екі аптадан бері ес-түссіз жатыр

Алматыда Украиналық баскетболшы соққыға жығылды. «Алматы» баскетбол клубының ойыншысы Вячеслав Богданов дәмханалардың бірінде болған төбелестен кейін ауруханадан бір-ақ шыққан.

Басынан ауыр жараланған легионер екі аптадан бері жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Бұзақылар да куәгерлердің суреттеуі бойынша тез табылған. Қазір біреуі тергеу абақтысында, ал екіншісі тек сырттай бақылап тұрғаны үшін қолхатпен босатылыпты. Полицияның мәліметіне қарағанда, спортшыға қол жұмсаған күдікті бұған дейін де бұзақылығы үшін істі болған екен.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қылмыстық іс қылмыстық  кодекстің екі бабы бойынша қозғалды. Бұл 258 және 103-ші бап. Бұл ауыр дене жарақаттарын азаматқа келтіру фактілері бойынша қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін