Алматыда ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі өтеді

Алматыда ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі өтеді

Алматыда 28 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубының ұйымдастыруымен «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I

  • 20 Наурыз 2012
  • 636
Фото - Caravan.kz

Республикалық көрмесі өтеді.

Көрмеге аталмыш клубтың ағымдағы жылы ұлттық музыкалық аспаптар жасаушы жас шеберлерлер арасында өткізген байқау жеңімпаздарының жұмыстары, ұлттық музыка аспаптарының 50-ден астам түрі — қобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, сазсырнай, зырылдауық, сондай-ақ, домбыраның алуан түрлері қойылады.

Ұлттық аспаптар түрімен қатар, алматылықтар мен қала қонақтары мұнда аспаптарды жасаушы жас шеберлермен танысуға мүмкіндік алады. Көрмеге конкурс нәтижесінде іріктелген республикамыздың 20 жас шебері қатысады.

Көрменің ашылуы сағат 16.00-де.

Қазақ халқы сонау көне дәуірден бастау алатын өзінің қайталанбас, бірегей қолданбалы өнер туындыларымен, жәдігер бұйымдарымен кең танымал. Осындай хас өнердің бірі — ұлттық музыка аспаптарын жасау. Халқымыздың аса бай музыкалық мұрасы, оның ішінде саз аспаптары бүгінде кәсіби музыка мәдениетінің асыл қорын молайтып, сарқылмас қайнар бұлағына айналып отыр.

Перейти к новостям спорта