Жарияланды: 300

Алматыда улы газға тұншыққан оқушыларға қатысты жаңа дерек шықты

Алматыда улы газға тұншыққан мектеп оқушыларына қатысты жаңа деректер шықты. Бір бұзақы газ баллонын шашқанда 21 оқушы уланып, оның алтауы балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне түскен.

Оқиға кеше Алатау ауылындағы №7 мектепте болған еді. Үлкен үзілісте тоғызыншы сынып оқушысы мектеп фойесімен газ баллонын шашып өткен. Ал иістен уланғандар шетінен сұлап түсіпті. Тексере келе, иіс тигендер қатары 21-ге жеткені анықталып отыр. Балаларды дереу ауруханаға жеткізу үшін 6 бірдей жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген. Барлығы да 9 бен 15 жас аралығындағы жеткіншектер. Дәрігерлердің айтуынша, қазір барлығының жағдайы жақсы. Жалпы бөлімшеге түскендердің бәрі де бүгін ауруханадан шықты. Ал жағдайы ауыр балалар палатаға ауыстырылған.

Абай Құсайынов, Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігері:

-Ол балаларды улануына қарсы емдер қолданылып, бас ауру, жүрек айну симптомдарының кеткеніне байланысты, алты бала қазір бөлімшеге ауыстырылуға дайындалып жатыр. Ертең байқап көреміз. Жағдайлары дұрыс болатын болса, оларды да үйлеріне шығаруға болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін