Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің емханасында істейтін дәрігер марихуана сатқаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің емханасында істейтін дәрігер марихуана сатқаны үшін ұсталды

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің емханасында істейтін дәрігер марихуана сатқаны үшін ұсталды

Алматы. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің емханасында істейтін дәрігер марихуана сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қараша 2008
  • 393
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық ІІД -нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғыннан ірі көлемде есірткі партиясын тәркіледі. Есірткі сатушы өз үйінің кіреберісінде он килограмнан астам марихуананы сатып жатқан кезінде ұсталды. Онымен саудаласуға сатып алушының кейпінде полиция қызметкері келген.

«Он килограмға жуық марихуана брикеттерге оралып, скотч арқылы байланған. Ол тасымалдау кезінде көлемін кішірейту үшін жасалса керек. Сонымен бірге жол сөмкесінен сатуға дайындалған марихуанасымен газет бумалары табылды»,- деді Алматы қалалық ІІД -нің есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Кебекбаев.

«Бұл адам көптен бері біздің қызметкерлеріміздің назарына іліккен. Бізге белгілі болған шұғыл ақпаратқа сәйкес, ол Қызылордадан Алматыға есірткі тасымалдайтын тұрақты арна жасап алған», — деді Е. Кебекбаев.

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің емханасында стоматолог болып істейтін дәрігердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар