Алматыда ұнды бөлшектей өлшеп ораумен шұғылданатын жасырын цех табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұнды бөлшектей өлшеп ораумен шұғылданатын жасырын цех табылды

Алматыда ұнды бөлшектей өлшеп ораумен шұғылданатын жасырын цех табылды

Алматы. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері ұнды бөлшектей өлшеп ораумен шұғылданатын жасырын цехты тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Тамыз 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Қаржы полициясының қызметкерлері «Барыс-4» базарында тексеру мақсатында сауда жасау арқылы 33-ші контейнерде сапасы нашар ұнды 2 килограммдық орамамен «Цесна» маркалы жоғары сұрыпты ұн ретінде 18 бумаға орап сату дерегін анықтады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қаржы полициясы дайын өнімнің «Цесна» сауда маркасымен «Шаңырақ» ықшамауданынан әкелінетінін анықтады.

«Шұғыл іздестіру шараларының барысында «Шаңырақ-2» ықшамауданында А.Мусаева есімді жеке кәсіпкердің «Цесна» концернінің брендін пайдаланып заңсыз ұн дайындау дерегі анықталды», — деп хабарлайды қаржы полициясы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар