Ақпаратқа сәйкес, қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және Алматы ҰҚКД-нің назарына іліккен фигурант өткен жұма күні Райымбек даңғылында ұсталған.
Оперативті қызметкерлер күдіктіден РГД-5 гранатасы мен 1 грамнан аса героин тәркілеген.
Дереккөздердің айтуынша, қамауға алынған ҰҚТ мүшесі бұрын ұрлық пен есірткі үшін сотталған.