Алматыда ұры өзін күшпен тоқтатпақ болған полицейді пышақтап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұры өзін күшпен тоқтатпақ болған полицейді пышақтап кетті

Алматыда ұры өзін күшпен тоқтатпақ болған полицейді пышақтап кетті

Алматыда мопед ұрлаған жігіт полицейді жаралады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 429
Фото - Caravan.kz

Оқиға түнгі 2-де болған. Бородин көшесінің бойынан «Буран-002» экипажы мопедті сүйреп бара жатқан күдіктіні байқаған. 

Полицейлердің тоқта деген бұйрығына ер адам қарсылық көрсете бастаған. Күшпен тоқтатуға бекінген полицейдің қолына ол пышақ сұғып алған.

«Жарақат алған полицейге жедел жәрдем көмек көрсетті. Қазір оның денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полицей ауруханаға жатудан бас тартты. Ұсталған адам Жамбыл облысының тумасы болып шықты. Еш жерде жұмыс істемейді екен. Мопедті 10 мың теңгеге сатып алдым деп ақталған», — деді С.Әзірбек.

Кейін белгілі болғандай, мопед Грановская көшесіндегі жеке үйдің ауласынан ұрланған болып шықты. Қожайындары жылжымалы дарбазаны жабуды ұмыт қалдырған.


Оның айтуынша, қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол бөгденің мүлкін ұрлағаны үшін әрі билік өкіліне қару сілтегені үшін заң алдында жауап бермек.

Соңғы жаңалықтар