Қаланың ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің деректеріне сәйкес, өткен түнде Әуезов ауданында қылмыстық топ жүргіншіні тонап кеткен.
Күдіктілерді ұстауға жол патруль, учаскелік полиция қызметкерлері және инспекторлар ішінен құрылған іздеу тобы жұмылдырылды.
«Екі күдікті оқиға орнынан ізінше ұсталды. Біреуі бой тасалап кетті. Ер адам өздері пәтер жалдаған үйдің кірберісіне қарай жүгірді. Үйіне жетіп, тіркелмеген травматикалық тапаншасымен оқ атпақшы болды, алайда жедел қимылмен әрекет еткен полицейлер дереу зиянсыздандырып, оны ұстады. Қызметкерлер зардап шеккен жоқ. Ізінше барлық үш қылмыскер ұсталды», — деді С. Әзірбек.
Факті Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді. Үш қылмыскер де 1996 жылы туған ОҚО тұрғындары. ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын қолдану кезеңінде сотқа беріледі. Олардың осындай басқа қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғы тексерілуе.