Алматыда ұрыны ұстап берген оқушы марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұрыны ұстап берген оқушы  марапатталды

Алматыда ұрыны ұстап берген оқушы марапатталды

Алматылық сақшылар ұрыны ұстауға көмектескен балаға сый-сияпат көрсетті. Қаладағы 125-ші мектептің 9-шы оқушысы Магомедамин Килоев көзсіз батырлығы үшін ноутбукпен марапатталды.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 235
Фото - Caravan.kz

Ол зейнеткердің әмиянын ұрлаған адаммен бір өзі алысып, күдіктіні полицияға ұстап берген. Айтуынша, сол күні емханадан келе жатып көшедегі жұрттың «ұрыны ұстаңдар» деген айқайын құлағы шалыпты. Батыл бозбала көп ойланбастан ұрының артынан қуып, төбелесе кеткен. Осы сәтте әккі күдікті оқушының бетінен шөлмекпен ұрып, көзін жарақаттаған. Бірақ қашып құтыла алмапты.

Магомедамин Килоев, №125 мектептің оқушысы:

— Мені шөлмекпен ұрғанын басында білген жоқпын. Жарақат алғанымды қанап кеткенде ғана түсіндім. Соған қарамастан көмек келгенше ұрыны ұстап тұрдым.

Соңғы жаңалықтар