Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28-желтоқсанда 16 сағат 28 минутта Меркулов көшесіндегі жай үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан үш адам, соның ішінде 9 жасар қыз көмірқышқыл газынан уланды. Зардап шеккендер жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөлімшесіне жатқызылды.