Алматыда үш әйелді айуандықпен өлтірген жігіт өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда үш әйелді айуандықпен өлтірген жігіт өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін

Алматыда үш әйелді айуандықпен өлтірген жігіт өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін

Мемлекеттік айыптаушы үш әйелді өлтірді деген күдіктіні өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.

  • 24 Сәуiр 2018
  • 94
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне күдіктінің адвокаты Дін-Мұхамед Нарымбетов айтты.

Күдіктінің адвокаты өзінің қорғауындағы адамға бұл жазаны тағайындамауды сұрап отыр.

«Біз Замандин Палтуевті өмір бойы бас бостандығынан айырмауды сұраймыз. Шешім шығарар кезде біз сотқа оның қылмысты өз мойнына алып, берілгенін, шынайы өкініп, айыпты мойындағанын, тергеуге атсалысқанын ескеруді сұрап отырмыз. Сонымен қатар, сотталушы өз қылмысы бойынша зардап шеккен үшінші адам (тірі кезінде) үшін жедел жәрдемді шақырғанын есепке алса дейміз. Тағы бір айта кетерлігі, менің қорғауымдағы адамның әкесіз қалғалы отырған жасы кішкентай ұлы бар. Осының бәрін ескере отырып, оған 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қарастыруға болады», — дейді адвокат.

Айта кетсек, өмір бойы бас бостандығынан айырылған адам еркіндікке шыға алмайды. Ал 25 жылға сотталған адам өзін жақсы ұстаған жағдайда мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін.

Бұған дейін аталған қылмыста зорлық сипаты болғандықтан, соттың жабық түрде өтіп жатқаны хабарланған болатын. 34 жастағы Замандин Палтуев бірнеше рет зорлық жасады, кісі өлтірді және қарақшылық жасап, бөтеннің мүлкін жойды деген күдікке ілінген.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласының ІІД қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері апалы-сіңлілі екі әйелді өлтірді деген күдікпен 34 жастағы күдіктіні қолға түсірген еді. Әйелдердің бірінің денесіне 30, екіншісіне 20 рет пышақ сұғылғаны анықталған. Екі әйелді өлтірген ол қылмысын жасыру үшін үйді өртеп кеткен. Өлтірілген әйелдердің 15 жастағы ұлы мен ересек қызы қалған. Іздестіріліп жатқан кезінде Палтуев тағы бір әйелді өлтірген.


Оқи отырыңыз:

Тоғыз баласы бар әке белсіз екенін 35 жылдан кейін білді

Шымкенттік полицей студент қыздың шешінгенін камераға түсіріп, одан ақша бопсалап келген

Су басу қаупі бар: Көлсайға апаратын жолдар жабылып жатырҚуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйрен

 

 

Соңғы жаңалықтар