Сценарий бойынша, мына тұрған ұшақтан техникалық ақау шығып, Алматы әуежайына қайта қонуға мәжбүр болған. Қону жолағына жақындаған сәтте ұшақтың бір қанаты жерге тиіп кетеді. Соның салдарынан жанармай жерге төгіліп, өрт шығады. Сақадай сай тұрған мамандар алапат жалынды әп-сәтте дым қалдырмай өшіріп тастады. Ал жолаушылар түгел аман. Екі жылда бір қайталанатын мұндай жаттығу шаралары бұл жолы да ойдағыдай өтті.
Данияр Алтыбаев, ҚР азаматтық авиациясы кәсіподақ ұйымының төрағасы:
— Кез келген ұшақты құтқаруға мүмкіндік бар. Өйткені, өздеріңіз көрген жаңағы өрт сөндіру техникасы мен іздестіру қызметінің жұмыскерлері бәрі оқытылған, үйретілген. Олар жақсы біледі.