Алматыда үшінші Еуразиялық МедиаФорум басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда үшінші Еуразиялық МедиаФорум басталды

Алматыда үшінші Еуразиялық МедиаФорум басталды

Бүгін, 22-сәуірде Алматыда үшінші Еуразиялық МедиаФорум басталды. Оған әлемнің 50-ге арта елінен келген 400-ге тарта журналистер, зерттеушілер, сарапшылар мен талдаушылар қатысып отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2004
  • 619
Фото - Caravan.kz

Үш күнге созылатын медиафорум барысында оған қатысушылар саяси, экономикалық және БАҚ туралы маңызды тақырыптарды талқылайды. Аталмыш тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға да баса назар аударылды.

Сайлау кампаниясы барысындағы БАҚ-тар ролі, шиеленісті елдердегі медиа құрылымдардың жұмысын қайта жаңғыртудағы халықаралық ұйымдар атқаратын роль, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық БАҚ-тардың даму ағымдары және билік пен журналистер арасындағы ықпалдастық проблемалары, журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтағы көңіл көтеретін бағдарламалар индустриясының даму перспективалары туралы талқылау көзделіп отыр.
Форумға танымал журналистер, саясаттанушылар мен сарапшылар шақырылған. Олардың арасында «Московские новости» газетінің бас редакторы Евгений Киселев, журналист, «Байки кремлевского диггера» атты атышулы кітаптың авторы Елена Трегубова, Тиімді саясат қорының президенті Глеб Павловский, тәуелсіз журналист Мария Слоним сынды танымал журналистр бар.
Бұл жолы да форумға танымал тележүргізуші әрі тәуелсіз журналист Риз Хан төрағалық жасайды. Белгілі АҚШ сарапшылары, осы елдің қазіргі заманғы сыртқы саясатының авторлары Ричард Холбрук пен Ричард Перл бас баяндамашы болмақ.
Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Форум жұмысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Сондай-ақ, форумның ашылу салтанатына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ян Кубиш, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, Кембридж университетінің «Еуразия» бағдарламасының директоры, Еуразия үйінің директоры, Арменияның бұрынғы үкімет басшысы Армен Саркисян, Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сынды ресми адамдар қатысуда.
Еуразиялық Медиа Форум — 2001-жылы Қазақстанда құрылған тәуелсіз қоғамдық ұйым. Басты мақсаты — әлемдік БАҚ, халықаралық саяси және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері мен белгілі ғалым-сарапшылардың арасындағы конструктивті пікір алмастығы негізінде Батыс пен Шығыс арасындағы өзара сенімділік, ықпалдастық пен өзара түсіністікті нығайту болып табылады.

Соңғы жаңалықтар