Шара тамыздың 5-і күні 28 панфиловшылар саябағында өтеді. Бұл туралы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы хабарлады.
5 тамызда аллеяда жеке музейлік экспонаттар, мұрағат құжаттары, сирек қолжазбалар мен кітаптардан, суреттерден тұратын ақпарат көпшілік назарына ұсынылып, даңқты батыр туралы «Әуеге көтерілу» деректі фильмі көрсетіледі.
Ұйымдастырушы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымының өкілдері еске алу күнінің дәстүрлі шараға айналуын қалайтындарын жеткізді.
Дәл сол күні ҚР Ұлттық кітапханасында Талғат Бигелдиновты еске алу кеші өтеді. Даңқты генералдың өмірі туралы оның отбасы мүшелері, туған-туыстары баяндап бермек. Кеше ҰОС ардагерлері, әскери қызметкерлер, БАҚ өкілдері қатысады.
Айта кетейік, Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген.