Электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметі анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электрон темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.
"Тінту кезінде жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын 55 мыңнан аса электрон темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта соталды тергеу басталды", — делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-ның 201-бабы талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
"Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алуларына назар аударуын сұраймыз", — делінген ҚМА хабарламасында.