Алматыда вейп сақталған қойма жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.42
  • 542.08
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда вейп сақталған қойма жойылды

Алматыда вейп сақталған қойма жойылды

Алматыда тәртіп сақшылары электронды темекіні заңсыз сату дерегін анықтады. Алматы қаласы Алатау ауданында 200 дана вейпты заңсыз сатқаны анықталды.

  • 26 Наурыз
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жедел іс-шаралар нәтижесінде екі адам анықталды және ұсталды, олардың біреуі тыйым салынған өнімдерді жеткізумен айналысқан, екіншісі қойма иесі. 

Талғар ауданындағы қойманы тінту барысында 5 мыңға жуық электронды темекі тәркіленді.

Ұсталған қойма иесінің сөзінше, ол заңсыз баю мақсатында вейптерді сатумен айналысқан, ал қойманы өнімді уақытша сақтау үшін пайдаланған.

Темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жалғасуда.