Алматыда велотаксилер қызмет көрсете бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда велотаксилер қызмет көрсете бастады

Алматыда велотаксилер қызмет көрсете бастады

Көпшілікті таңқалдырған көлік! Алматыда кәдімгі рикшалар жүре бастады. Велоарбамен жолаушы тасымалдаушылар осылайша аз да болса қаланы қаптаған көліктің көк түтінінен арылтпақшы.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz

Велосипедке жалғанған бұл арбаға қызығушылық танытқандар көп. Бірі таңырқай қараса, енді бірі сейіл құруға кірісіп те кеткен. Жол ақысы 200 теңгеден басталады. Орындығы мамық арбаның ішінде қауіпсіздік белдігі де бар. Тіпті, темір көліктегідей кісіге белгі беретін сигнал мен бұрылыс шамдарымен де жабдықталыпты. Рикшаға мінгендер кептелісте қалмай, көше бойымен де, саябақ арасымен де қалағанша серуендей алады. Әзірге мұндай көліктің саны қалада он шақты. Жоба авторлары арбаларды әлі де көбейтеміз деп отыр.