Ол «Б» тобындағы Вьетнам мен Иран құрамаларының кездесуімен басталды. Бұл ойында вьетнамдықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін «А» тобындағы Таиланд пен Корея спортшылары арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Енді «Б» тобынан Қытай мен Жапония, ал «А» тобынан Қазақстан мен Тайпей волейболшылары өзара күш сынаспақ. Ұлттық құраманың бас бапкері Александр Гутор бұл байрақты бәсекеде ел намысын қорғауды -«жетісулық» Ирина Шенбергер, Ольга Наседкина, Коринна Ишимцева, Марина Стороженко, Людмила Анарбаева, Алена Омельченко, Ольга Дробышевская, «астаналық» Сана Жарылғасова, Ольга Карпова, «алматылық» Ирина Лукомская, «Ертіс-Қазхромдық» Инна Матвеева мен Түркияның «Иллер Банк» командасында өнер көрсететін Алеся Сафроноваға үміт артуда.