Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ақтық ойындары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ақтық ойындары өтеді

Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ақтық ойындары өтеді

Хромтауда қазанның 13-20-сы күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтті.

  • 22 Қазан 2010
  • 547
Фото - Caravan.kz


Онда жарыс қожайындарының «Қазхромы» «Семей» (Семей), «Ұшқын» (Астана), «Конденсат» (Орал), «Ертіс-АО-АК» (Павлодар облысы) командаларын — 3:0, «Есіл» (Қызылжар) мен «Атырау» (Атырау) командаларын — 3:1, ал «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысты» (Өскемен) 3:2 есебімен ұтып барлық ойында мерейі үстем болды. Енді үздік төрттікке енген «Қазхром», «Есіл», «Конденсат» және «Атырау» волейболшылары қазанның 30-31-і күндері Қазақстан кубогының Алматыда өтетін жартылай және ақтық финалында қайта кездеседі.