Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры өтіп жатыр

Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры өтіп жатыр

Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-туры өтіп жатыр.

  • 19 Желтоқсан 2011
  • 397
Фото - Caravan.kz


Кеше алғашқы ойында павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») теміртаулықтарды («Металлург АМТ») 3:2, қарағандылықтар алматылықтарды 3:1, астаналықтар өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:0 есебімен жеңді. Бүгін енді «МеталлургАМТ» мен «Астана», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Алматы» және 1-ойын күні жұпсыз қалған жетісулықтар (Алматы облысы) мен «ЕртісҚазхром» кездеседі. Жетісулықтар 1-турда барлық қарсыласын қапы қалдырып, турнир кестесінде 18 ұпаймен көш бастаған болатын. Олардан 3 ұпай қалып қойған павлодарлықтар 2-турда 2 ұпаймен көш соңында келе жатқан теміртаулықтармен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Ал 12 ұпаймен 3-орында келе жатқан астаналықтар 3 ұпайға қол жеткізсе, 7 ұпаймен 4-орында тұрған алматылықтар 6 ұпаймен өздерін өкшелеп келе жатқан қарағандылықтардың өздерін басып озуына мүмкіндік беріп қойды.