Алматыда волейболдан Жоғары лигадағы А ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда волейболдан Жоғары лигадағы А ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтіп жатыр

Алматыда волейболдан Жоғары лигадағы А ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтіп жатыр

Волейболдан Алматыда өтіп жатқан Жоғары лигадағы А ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындарында 1 ғана команда жеңіліссіз келе жатыр. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің спорт залында өтіп жатқан бұл жарыс 9-қарашада басталған болатын. Ол 16 қараша күні мәреге жетеді.

  • 12 Қараша 2010
  • 510
Фото - Caravan.kz


Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы турнир кестесінде көш бастап отыр. Олар «ҚазҰАУ»-ды 3:0, «Жайық-Конденсат» пен «Ертіс-АО АҚ» командаларын 3:1 есебімен ұтты. Ал «ҚазҰУ» Алматы қаласының келесі бір командасын ( ЦСКА) 3:1, атыраулықтарды (Атырау-2) 3:0 есебімен жеңді. Оралдың «Жайық-Конденсаты» мен Павлодардың «Ертіс-АО АҚ» арасындағы кедесу 1:3 боп аяқталды. Өзге кездесуде оралдықтар Қызылжардың «Есіл-Викториясын (3:0) ұтса, павдарлықтар Астананың «Ұшқын-Искрасына» 1:3 есебімен есе жіберді.