Алматыда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтті

Алматыда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтті

Алматыда 6-11 желтоқсан күндері волейболдан Жоғарғы лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтті.

  • 12 Желтоқсан 2011
  • 745
Фото - Caravan.kz

Онда барлық кездесуде айқын басымдықпен жеңіске жеткен қостанайлықтар 33 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық тізгінді өз қолына толық алды. Бұған дейін 13-18 қарашада Оралда өткен 1-турда олар Теміртаудың «Спартак АМТ» командасымен бірдей ұпай жинап (18 ұпайдан) турнир кестесінде қатар орын тепкен болатын. Бұл жолы теміртаулықтарды 3:0 есебімен ойсырай ұтқан қостанайлықтар басты қарсыласынан 3 ұпайға ұзап кетті. Үштік үштікті түйіндеген Оралдың «Грация-KZ» командасының қоржынында 23 ұпай бар. Олар алғашқы турда қарсыластарынан 3 ұпайға ғана артта болса, бұл жолы ара-қашықтықты 10 ұпайға дейін ұзартып алды. Одан кейінгі орында 22 ұпай жинаған Павлодардың «Қазхромы» мен 19 ұпаймен Алматының «Алматиночкасы» келе жатыр. 1-турда Қарағанды облысының «Қарағанды-2» командасымен бірге 11 ұпайдан жинаған «Алматиночка» бұл жолы турнир кестесінде 1 саты көтеріліп, алғашқы бестіктің қатарына қосыла алды. Ал елорданың «Астана-2» (16 ұпай), Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»(11 ұпай), Алматының «ҚазЭУ» (11 ұпай) мен «ЦСКА-ВКС» (8 ұпай), Шымкенттің «Қазығұрт» (5 ұпай), Алматы облысының «Жетісу-2» (1 ұпай) командалары 7-12 орныды өзара бөлісті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера